Боран ауылындағы жолдар – халық игілігіне!

Боран ауылындағы жолдар – халық игілігіне!

      Марқакөл ауданының Боран ауылында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 
Биыл:
      Қ.Нұрғалиев көшесі – 1300 м
      Қалжыр көшесі – 200 м
      Қабанбай батыр көшесі – 700 м
      Больничная көшесі – 400 м жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

      Қазіргі таңда жұмыс көлемінің 90%-ы орындалып, таяу күндері толық пайдалануға берілмек. 

      Сонымен қатар, Боран – Жиделі бағытындағы 2300 м тас жолға да ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. 🚜

Жаңа жолдар:
      Жедел жәрдемнің,
      Мектеп автобусының,
      Жүк көліктерінің қатынасына қолайлы жағдай жасамақ.

      Бұл игі істердің барлығы аудан әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлының бастамасымен жүзеге асуда.