Марқакөл ауданында Президент Жолдауы тыңдалды

Марқакөл ауданында Президент Жолдауы тыңдалды

       8 қыркүйек күні Марқакөл мәдениет үйінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тікелей эфирде тыңдалды.

       Іс-шараға аудан әкімі Рүстембек Набиолдаұлы Кемешев, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, мекеме бөлім басшылары қатысты.

      Жолдау барысында ел дамуының жаңа стратегиялық бағыттары айқындалып, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, өңірлердің өркендеуіне арналған нақты міндеттер белгіленді.

      Жиын соңында аудан әкімі қатысушыларға жолдаудан туындайтын міндеттерді орындаудың маңыздылығын атап өтті.