2 қыркүйекте Марқакөл ауданындағы мектеп ұжымын, оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен аудан әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлы құттықтап, облыс әкімі Нұрымбет Аманұлы Сақтағановтың ыстық ықыласты лебізін жеткізді.
Аудан әкімі өз сөзінде:
“Білім – ел болашағының берік негізі. Жас ұрпақтың сапалы білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалуда. Біз балаларымыздың жарқын болашағына сенеміз. Жаңа оқу жылы табыс пен жеңіске толы болсын!” – деп атап өтті.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және шәкірттер! Жаңа оқу жылы құтты болсын!