30 тамыз күні Өскемен қаласында өткен «Шығыс Қазақстанның үздік балы» атты байқауда «Исаба Гүлнар» ШҚ мен балшы қызымыз Сапабаева Дариға лайықты түрде I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жеңіс – тек бір ұжымның ғана емес, күллі Марқакөл өңірінің абыройы. Табиғатынан нәр алып, адал еңбектің жемісін елге ұсынып жүрген балшыларымыздың тынымсыз ізденісі мен маңдай тері осы құрметті марапатқа жеткізді.
Байқау Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып, онда балдың сапасы, табиғилығы, дәмдік ерекшелігі және экологиялық тазалығы ерекше бағаланды.
Марқакөл балы – өзінің емдік қасиеті мен хош иісі арқылы елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де лайықты бағаланатын өнім екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Исаба Гүлнар» ШҚ ұжымын және Сапабаева Дариғаны осы үлкен жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да еңбектеріңіз жемісті болып, Марқакөлдің балын Қазақстанның брендіне айналдыра беріңіздер деп тілейміз! 🇰🇿
Өскемен қаласы, 30 тамыз 2025 жыл