Орталық саябақты абаттандыру

Орталық саябақты абаттандыру

       Аудан әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлы, аудан әкімінің орынбасары Муканов Ермек Аканович, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сүлейменов Самат Токтарханұлы бастаған жұмыс тобы орталық Абай саябағында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты.

       Саябақ аумағында тротуарлар төселіп, жасыл желек отырғызылып, жарықтандыру және демалыс орындарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

       Жұмыс тобы орындалу барысын қадағалап, сапаға ерекше назар аударды.
Мақсат – тұрғындарға жайлы және көрікті демалыс орнын қалыптастыру.

       Саябақ – тұрғындар үшін ашық әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістікке айналмақ.