Аудан әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлы, аудан әкімінің орынбасары Муканов Ермек Аканович, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сүлейменов Самат Токтарханұлы бастаған жұмыс тобы құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Бағдарлама шеңберінде аудан бойынша 8 тұрғын үй (16 пәтер) салынуда.
Аталған үйлер аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға арналады.
Жұмыс тобы құрылыс материалдарының сапасын, құрылыс мерзімдерінің сақталуын және мердігер ұйымдардың міндеттемелерін орындау барысын мұқият қадағалады. Мердігер өкілдерінен тиісті мәліметтер алынып, бірқатар ескертпелер де берілді.
Аудан әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлы:
“Біздің басты міндетіміз — сапалы, қауіпсіз әрі қолжетімді баспана салу. Әлеуметтік осал топтарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Сондықтан әр үйдің құрылысы жіті бақылауда болады. Сапасыз жұмысқа жол берілмейді.”
Аталған бастама – аудан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.