Марқакөл ауылында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай рухани кеш өтті.

Марқакөл ауылында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай рухани кеш өтті.

       Марқакөл аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл орталығындағы Абай Құнанбайұлы атындағы саябақта тағылымы терең әдеби кеш өтті.

      Шара барысында мектеп оқушылары ұлы ойшыл Абай атасына арнаған хаттарын оқып, өлең-жырларын арнады. Олардың әсерлі әрі жүрекпен жазылған шығармалары көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

      Абай мұрасын дәріптеуге арналған кешке аудан әкімінің орынбасары Каербекова Әсел Қанатқызы қатысып, өз құттықтау сөзінде:
“Абай – ұлттың темірқазығы. Оның сөздері – өшпейтін рухани мұра. Бүгінгі жас ұрпақтың Абайға арнаған жүрекжарды лебізі – болашаққа сенім ұялатады,” – деп атап өтті.

     Кеш қатысушылары мен көрермендеріне рухани серпіліс сыйлап, Абай әлеміне тағы бір қадам жақындатқан тағылымды шара көптің көңілінен шықты.