Игілік ауылының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол сапасы, интернет пен байланыс, құрылыс мәселелері көтеріліп, олардың шешу жолдары қарастырылды.
Аудан әкімінің тапсырмаларын орындау барысы түсіндіріліп, нақты іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді.
Атап айтқанда, интернет пен байланыс жүйесіне қатысты басты мәселе Марқакөл ауданы бойынша «БЭСК» АҚ қызметкерлерімен бірлесіп шешімін тапты.
Мұндай кездесулер – халықтың ұсыныс-пікірін ескеріп, тиімді шешім қабылдауға бағытталған маңызды диалог алаңы.