2025 жылғы 22 шілде
Марқакөл ауылы, аудан әкімдігінің мәжіліс залы
Сағат 10:00-де кезектен тыс XXIV сессия өткізіліп, аудандық бюджетті нақтылау мәселесі қаралды.
Сағат 15:00-де кезектен тыс XXV сессия өтті. Онда ауылдық округтердің 2025–2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сессияның жұмысын
аудандық мәслихат төрағасы Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы мен
аудан әкімінің орынбасары Қайрбекова Әсел Қанатқызы жүргізді.
Жиынға мәслихат хатшысы, депутаттар, аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
XXV сессия күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Марқакөл ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу
2. Боран ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу
3. Калжыр ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу
4. Төсқайың ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу
5. Ақбұлақ ауылдық округінің 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу
6. Әртүрлі мәселелер
Баяндамашылар:
Ауылдық округ әкімдері және аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшылары күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасады.
Талқылау барысында депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар мен сұрақтар қойылып, барлық шешімдер бірауыздан қабылданды.
Сағат 14:00-де тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстары өтіп, сессия мәселелері алдын ала қаралды.
Аудандық мәслихаттың ашықтығы мен тиімділігі – жергілікті өзін-өзі басқарудың басты кепілі.