Аудандық мәслихат пен Қоғамдық кеңестің қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жұмыс тобы

Аудандық мәслихат пен Қоғамдық кеңестің қатысуымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша жұмыс тобы

         Аудандық мәслихаттың төрағасы Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы, Қоғамдық кеңес төрағасы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Сүлейменов Самат Тоқтарханұлы бастаған жұмыс тобы «Аймақтық бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс сапасымен танысты. Бағдарлама аясында ауданда 8 тұрғын үй мен 16 пәтердің құрылысы жүргізілуде. Бұл үйлер аз қамтылған және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларға арналған. Жұмыс тобы құрылыс барысын, құрылыс материалдарының сапасы мен мерзімін мұқият тексеріп, мердігер ұйым өкілдерінен ақпарат алды. Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бұл бастама мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі екенін атап өтті. Сүлейменов Самат Тоқтарханұлы – Қоғамдық кеңес тарапынан құрылыстың сапасы мен мерзіміне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Тұрғын үй құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде.

         Сапар барысында олар Марқакөл аудандық ауруханасындағы жылу жүйесінің жағдайымен танысты. Нысанның жертөлесінде орналасқан жылу құбырларының ағымдағы техникалық жағдайы жан-жақты қаралып, алдағы жөндеу және жаңғырту жұмыстарының жоспары талқыланды. Сала мамандары мен жауапты тұлғалар жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндап, шешімін күткен мәселелер бойынша нақты ұсыныстарын айтты. Қалелов Мамырбек Жәлімханұлы бұл бағыттағы жұмыстардың тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін маңызы зор екенін атап өтті. Сүлейменов Самат Тоқтарханұлы аталған нысан Қоғамдық кеңестің тұрақты бақылауында екенін және алдағы жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуы үшін тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті. Жұмыс тобы жылу жүйесін жаңғырту арқылы емдеу мекемесінің тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасауға баса назар аударуда.

         Сондай-ақ аудандық ауруханадағы лифт жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Әлеуметтік маңызы бар нысандардағы бұл жұмыс халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады. Жиын барысында сала басшылары жөндеу жұмыстарының сапасына, қауіпсіздік шаралары мен орындалу мерзіміне баса назар аударды. Калелов Мамырбек Жәлімханұлы лифтінің уақытылы және сапалы іске қосылуының маңыздылығын атап өтті. Сүлейменов Самат Тоқтарханұлы құрылыс барысы Қоғамдық кеңестің тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Тұрғындар игілігі үшін атқарылған әрбір тапсырманың сапалы орындалуын жергілікті билік пен қоғамдық бақылау бірлесіп қамтамасыз етуде.