2025 жылы Марқакөл ауылында халықты сапалы және үздіксіз таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су беру жүйесін қайта жаңарту және салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жоба ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама болып табылады. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 300 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Құрылыс-монтаж жұмыстары арнайы бекітілген жұмыс кестесіне сай жүргізіліп жатыр.
Жоба аясында ескі құбырларды толық ауыстыру, су қабылдау және тарату тораптарын жаңғырту, заманауи жабдықтарды орнату жұмыстары қамтылған. Сонымен қатар, су сапасына тұрақты бақылау орнатылып, экологиялық және санитарлық талаптарға сай инфрақұрылым жасақталуда.
Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін ауыл тұрғындары жыл он екі ай бойы таза, қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.Бұл – мемлекет тарапынан ауылдық өңірлердің инфрақұрылымын жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстардың бір көрінісі.
Жобаның іске асырылуы – ауыл болашағына салынған инвестиция. Қазіргі уақытта барлық жұмыстар жауапты мердігер ұйымдар арқылы тиісті деңгейде атқарылуда.