Марқакөл ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Марқакөл ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

        Аудан әкімі Кемешев Рүстембек Набиолдаұлының тапсырмасы бойынша Марқакөл ауданында абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

       Соның бірі – Абай Құнанбайұлы саябағына ағымдағы жөндеу жұмыстары. Қазіргі уақытта саябақ аумағында жөндеу, көріктендіру шаралары атқарылып жатыр.

       Жоспар бойынша барлық жұмыс шілде айының соңына дейін аяқталып, саябақ тұрғындар мен қонақтарға жайлы демалыс орны ретінде пайдалануға берілмек.
 

       Бұл – ел игілігі жолындағы игі бастамалардың нақты көрінісі.