Бүгін Марқакөл ауданының басқару органдары, азаматтық қорғау күштері мен авариялық-құтқару қызметтерінің қатысуымен кешенді оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шара төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдардың үйлесімділігін арттыру, жедел әрекет ету дағдыларын пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығу барысында шартты төтенше жағдай орын алып, барлық мүдделі құрылымдар бірлескен іс-қимылдарын тиімді көрсетті.
Мұндай жаттығулар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.