Бүгін Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаттары Саиров Ерлан Бияхметұлы мен Толықбай Мақсат Мәлікұлы Марқакөл ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Бейсенов Нұрсұлтан Мақсұтұлы сөз алып, ауданның экономикалық даму бағыттары, оның ішінде ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, әлеуметтік инфрақұрылым салаларындағы жұмыстар туралы қысқаша ақпарат берді.
Жиынға аудан тұрғындары, мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық мекемелер мен бөлім басшылары қатысты.
Кездесу ашық форматта өтті. Тұрғындар тарапынан өзекті мәселелерге байланысты ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер айтылды. Атап айтқанда: жол жөндеу, байланыс сапасы, жастарды жұмыспен қамту, медициналық қызметтің қолжетімділігі секілді күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды.
Депутаттар Ерлан Бияхметұлы мен Мақсат Мәлікұлы барлық көтерілген сұрақтар назарға алынатынын, және олар Үкімет отырыстарында, тиісті министрлік өкілдеріне жеткізілетінін атап өтті.