Ақбұлақ ауылында салынып жатқан Малқамақ (раскол) нысаны мен кешкі жарық шамдарын орнату жұмыстарының барысымен таныстық.
Құрылыс жұмыстары бекітілген жұмыс кестесіне сай жүргізілуде.
Мердігер ұйымдарға атқарылып жатқан жұмыстың сапасына ерекше көңіл бөлу, сондай-ақ жобаларды белгіленген мерзімде толық аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Ауылдың инженерлік және жарықтандыру инфрақұрылымын жақсарту – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы маңызды қадам