"Алтай түркі әлемінің алтын бесігі" XXIII ұлттық спорт ойындары

"Алтай түркі әлемінің алтын бесігі" XXIII ұлттық спорт ойындары

Марқакөлдік шабандоздар көкпар додасында!

9 маусым күні Марқакөл ауданының спортшылары ХХІІІ Ұлттық спорт ойындары аясында өтіп жатқан облыстық спартакиадада көкпар мен басқа да ұлттық спорт түрлерінен өз өнерлерін көрсетіп, намыс туын биік ұстап шықты. Аударспақ сайысында 94 келі салмақта сынға түскен Байталов Бейбіт мықтылығын дәлелдеп, облыс чемпион атанды!

Басқа да спортшыларымыз алдағы жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз. 

Ұлттық спорт — ұлт рухы!