🗓 29 мамыр 2025 жыл
📍 Марқакөл ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залы
Бүгін Марқакөл ауданы әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі – Бекқужина Мира Есенғазықызының және теолог – Назарбеков Ринат Тоқтамысұлының және аудан мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті.
Жиынға Марқакөл ауданы әкімі аппаратының басшысы Асел Канатовна Каербекова төрағалық етті.
Жиын барысында:
🔹 Мемлекеттік қызметшінің қызметтік әдебі,
🔹 Деструктивті діни ағымдардың қаупі мен алдын алу жолдары
тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қатысушылар тарапынан өзекті сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау және қоғамда тұрақтылықты сақтау мәселесі кеңінен талқыланды.
📌 Осындай кездесулер мемлекеттік қызметтің сапасын арттырып, қоғаммен тығыз қарым-қатынасты дамытуға өз үлесін қосатыны сөзсіз.