Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Айқымбеков Ержан Медетханович Марқакөл ауданына іссапармен келді.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Айқымбеков Ержан Медетханович Марқакөл ауданына іссапармен келді.

2025 жылғы 28 мамыр күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Айқымбеков Ержан Медетханович Марқакөл ауданына іссапармен келді.

🔹 Іссапар аясында аудан әкімі Кемешов Рүстембек Набиолдаұлының қатысуымен аудандық мекеме, бөлімдерде қызмет атқаратын жас мамандармен кездесу ұйымдастырылды.

🎯 Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резервіне өтінім беру тәртібі, оған қатысудың шарттары мен мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.

🗣 Айқымбеков Ержан Медетханович мемлекеттік қызмет жүйесіндегі жаңа буын кадрларды даярлау мен дамытудың маңыздылығына тоқталып, жастарды белсенді қатысуға шақырды.

✅ Жиын барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, кәсіби даму, мемлекеттік қызметтегі өсу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат алды.