«ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша ақпарат

«ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша ақпарат

«ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша, мердігер «Универсалстройсервис» ЖШС болып анықталды. Жобаның жалпы құны 442 325,0 мың теңгені құрайды. Мемлекеттік сатып алу байқауынан кейін мердігермен құны 351 208 мың теңгеге келісім шарт жасалынды.

Қазіргі уақытта Жаңаауыл ауылында 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен, ұзындығы-8,0 км су желісі су қабылдау бағаналары арқылы, «Ақжар» МКК теңгерімінде жұмыс істеуде.

Жоғарыда көрсетілген қайта жаңарту жобасында, ауылдық су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 23,720 км, оның ішінде жеке тұрғын үйге қосылу – 13,0 км құрайды. Құрылыс процесінде су қысымы мұнарасы – 13,6 м3/сағ, әрқайсысының сыйымдылығы – 75 м3 таза суға арналған 2 резервуар, 2 сүзгі-сіңіргіш, ұзындығы – 2 км 10 кВ кабель желілері, 0,4 кВ кабель желілері салу көзделеді ұзындығы-1 км, су ұңғымасындағы 2 сорғы станциясы және 1-ші көтергіш сорғы станциясы, өнімділігі 1м3/сағ тан 12м3/сағ дейін. 2-ші көтеру сорғы станциясы, өнімділігі-20,0 м3/сағ және дезинфекциялық қондырғы орнатылады. Тұтынылған суды есепке алу есептеу құралымен жүргізіледі. Су құбыры желілерін салу және жаңа трассаны төсеу 167 тұрғын үйді, 9 қоғамдық ғимаратты сумен қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Жаңаауыл ауылындағы су құбыры желілерінің қайта жаңартуға: 8 500 м құбыр жүргізілді оның ішінде үйлерге жеткізу 10 000 м. 50 құдықтардың қақпақтары жабылды.