«ШҚО, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша ақпарат.

«ШҚО, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша ақпарат.

«ШҚО, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылындағы су құбыры желілерін қайта жаңарту» жобасы бойынша, мердігер «Универсалстройсервис» ЖШС болып анықталды.

        Қазіргі уақытта Құйған ауылында 2012 жылы күрделі жөндеуден өткен, ұзындығы- 6,15 км су желісі су қабылдау бағаналары арқылы, «Ақжар» МКК теңгерімінде жұмыс істеуде.

         Жоғарыда көрсетілген қайта жаңарту жобасында, ауылдық су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы –14,890 км км, оның ішінде жеке тұрғын үйге қосылу –20,1км құрайды. Құрылыс процесінде су қысымы мұнарасы – 12 м3/сағ, әрқайсысының сыйымдылығы – 75 м3 таза суға арналған 2 резервуар, 2 сүзгі-сіңіргіш, ұзындығы – 0,091 км 10 кВ кабель желілері, 0,4 кВ кабель желілері салу көзделеді ұзындығы-0,863 км, су ұңғымасындағы 2 сорғы станциясы және 1-ші көтергіш сорғы станциясы, өнімділігі 1м3/сағ тан 12м3/сағ дейін. 2-ші көтеру сорғы станциясы, өнімділігі-20,0 м3/сағ және дезинфекциялық қондырғы орнатылады. Тұтынылған суды есепке алу есептеу құралымен жүргізіледі. Су құбыры желілерін салу және жаңа трассаны төсеу  230 тұрғын үйді, 5 қоғамдық ғимаратты сумен қамтамасыз етеді.

Нысан бойынша 2023 жылға бөлінген 201 169,0  мың қаржы толығымен игерілді. 2024 жылы құрылыс жұмыстарын толығымен аяқтап пайдалануға беру  жоспарлануда.