Зайсан ауданын газдандыру

Зайсан ауданын газдандыру

Орталықтандырылған газбен жабдықтаумен 23,1 мың тұрғыны бар Зайсан ауданының 10 елді мекені қамтамасыз етілген (облыс халқының жалпы санының 3,18%).

Зайсан ауданының 8 елді мекенін (Дайыр, Көкжыр, Қуаныш, Біржан, Сарытерек, Жарсу, Бақасу, Саржыр) табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы құны 852,5 млн.теңге болатын 52 км магистральдық жеткізу желілерінің құрылысы жүзеге асырылды.

2022 жылы кентішілік және кварталішілік желілерді салу жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Жобаның жалпы құны 1 203,2 млн. теңгені құрайды. Жобада ұзындығы - 96,5 км газ құбырларын салу көзделген.мемлекеттік сатып алу туралы конкурсқа қатысушылар арасында созылған сот рәсімдеріне және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тыйым салуға байланысты 2022 жылы 215,0 млн. теңге игерілді, ағымдағы жылы Дайыр ауылында траншеяларды игеру бойынша жер жұмыстары жүргізілуде, шамамен 7,5 км газ құбыры салынды.

2023 жылы құрылысты жалғастыру үшін ҚР Ұлттық қорынан 939,9 млн. теңге бөлінді, бұл ақшалай қаражат алынуға жатады, жұмыс жобасы бойынша сараптама қорытындысының мерзімі аяқталуына және қосымша жұмыс түрлерінің анықталуына байланысты Зайсан ауданының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша жұмыстар жүргізуде. Болжалды мерзім-4 ай. Нысан 2024 жылға ауысады.