Шығыс Қазақстан облысында «Бір қабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысында  «Бір қабатты Шығыс» аймақтық бағдарламасы туралы ақпарат

2020 жылдан бері облыста «Бір қабатты Шығыс» аймақтық жобасы жүзеге асырылуда.

Бағдарламаның негізгі бағыты болып жеке инвестициялар есебінен, «офтейк-келісім шарттары» бойынша бір қабатты үйлер салып, кейіннен аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу болып табылады.

Ағымдағы жылы аталған бағдарлама негізінде қалалар мен аудандарда «офтейк-келісім шарттары» арқылы жалпы ауданы 21 мың шаршы метрді құрайтын 265 бірқабатты үйлердің құрылысы жоспарлануда.

Оның ішінде, 93 үй ауылды елді-мекенде тұратын аз қамтылған  көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз етуге, қалған тұрғын үйлерді көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жоспарланған.

Жыл соңына қарай барлық үйлердің құрылысын аяқтау жоспарланған, оған республикалық бюджеттен қаражат толығымен бөлінді.