Шығыс Қазақстан облысында тұрғын-үй құрылысы туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысында  тұрғын-үй құрылысы туралы ақпарат

2020 жылдан бері облыс әкімі Даниал Кенжетаевичтің бастамасымен облыста «Бір қабатты Шығыс» (бұдан әрі – Жоба) өңірлік жобасы іске асырылуда.

Бағдарламаның негізгі бағыты болып жеке инвестициялар есебінен, «офтейк-келісім шарттары» бойынша бір қабатты үйлер салу, кейіннен аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін сатып алу болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде 2020 жылдан 2022 жылдары
облыс бойынша, кейіннен сатып алу үшін жеке инвесторлар есебінен ауданы 98 мың м2. болатын 1 050 үйлер салынды (көпбалалы отбасылар, халықтың әлуметтік осал топтары, сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және басқа да салаларда сұранысқа ие мамамандар үшін).

3 жылдан бері сатып алу үшін облыстық бюджеттен 12 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. 800 – көпбалалы отбасылар, 88 – халықтың әлеуметтік осал топтары, 14 – жетім балалар және 148 басқа да санатта кезекте тұрған адамдар баспанамен қамтамасыз етілді. 

(1 көрініс: Зайсан, Глубокий аудандары бойынша)

Бұл аймақтық жоба бұрынғы аудан орталықтарын да қамтыды. 3 жылдан бері бұрынғы аудан орталықтарында көп балалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 63 үй пайдалануға берілді.

 Сонымен қатар, 2021 жылы Тарбағатай ауданының шекаралық ауылдарында ауданы 0,9 мың м2 болатын екі пәтерлі 5 үй пайдалауға берілді.

(2 көрініс: Ұлан ауданындағы бұрынғы аудан орт: Таврия, Бозанбай ауылдары)

Ағымдағы жылы қалалар мен аудандарда «офтейк-келісім шарттары» арқылы құны 4,1 млрд.тг. болатын 265 бірқабатты үйлердің құрылысы жоспарлануда.

Оның ішінде, ауылда тұратын аз қамтылған 93 көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған.