2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту туралы АҚПАРАТ

2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша  тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту туралы АҚПАРАТ

2023 жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен 952 мың м2 (9 мың пәтер) тұрғын үй салу жоспарлануда, құны 190 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғанда өсім 108%). Олардың ішінен:

843 мың м2 немесе 9 мыңға жуық пәтерлік 104 көпқабатты үй (Өскемен қаласы – 98 үй немесе жалпы санның 94%):

  • 194 мың м2 - 20 бюджеттік үй (1 783 пәтер)

 (Өскемен қаласы – 17; Риддер қаласы – 1; Глубокое ауданы – 1; Ұлан ауданы – 1);

  • 649,8 мың м2 - 84 коммерциялық үй (7 110 пәтер)

(Өскемен қаласы – 81, Риддер қаласы – 1, Зайсан ауданы – 2).

Айта кетерлігі, соңғы жылдары жеке инвестиция есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай артып, 150 млрд теңгеден астам инвестициямен биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда өсім 116 пайызды құрады.

2022 жылдан бастап жалға берілетін үйлердің құрылысы тоқтатылды, Республикалық бюджет қаражаты  кезекте тұрғандардың жалдау ақысын субсидиялауға жұмсалды.

Дегенмен, Шығыс Қазақстан облысында «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасын жүзеге асыру жалғасуда,оның аясында облыстық бюджет есебінен аз қамтылған көп балалы отбасылар және халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үйді жеке құрылыс салушылардан сатып алу жүзеге асырылады.

Аз қамтылған көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік топтары санының жыл сайын өсуіне байланысты, облыс әкімдігі үкімет деңгейінде жалға берілетін үйлердің құрылысын қайта жандандыру және сатып алу мәселесін бірнеше рет көтеріп келеді. Нәтижесінде бұл бастама қолдау тауып, 2023 жылдан бастап жалға берілетін үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен қаражат қарастырылуда.

Ағымдағы жылы бағдарлама аясында қалалар мен аудандарда «офтейк- келісімшарттары» бойынша, құны 4,1 млрд тенге құрайтын 265 пәтерлік 255 үй салу жоспарлануда.

Атап айтқанда, ауылда тұратын аз қамтылған 93 көп балалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ:

Жыл қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда 110 пайызға артып, 349,9 мың м2 тұрғын үйді немесе 3 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жыл соңында бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарға «Отбасы банкі» АҚ арқылы 490 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін «сатып алу құқығынсыз жалға беру арқылы 265 бір қабатты үйді сатып алу жоспарлануда.

Жаңа тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.

Ағымдағы жылы бюджет қаражаты есебінен 35 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жоспарланған.

Өскемен қаласында Самсоновка ауылында, 20,21,25,27,28, аудандарының сондай - ақ Күршім және Зайсан аудандарында жеке тұрғын үй құрылысы инженерлік желілерімен қамтамасыз ету жүргізілуде. Нәтижесінде 5398 жер телімдері су және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етіледі 

(Өскемен қаласында – 4988, Күршім ауданында – 10, Зайсан ауданында – 400).

Сонымен қатар, қаланың сол жағалауында Өскеменде көпқабатты құрылысқа Нұрлы Жол, Спорт және 24 тұрғын ауданның тұрғын алаптарын дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Нұрлы Жол ауданы магистральдық және орамішілік жылу, сумен жабдықтау және кәріз желілерімен қамтамасыз етілген, ағымдағы жылы орамішілік электрмен жабдықтау желілерін аяқтау жоспарлануда 2 кезек. Сондай-ақ, орамішілік жолдарды салу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Спорт ауданы магистральдық және орамішілік жылу, су, электрмен жабдықтау және кәріз желілерімен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы іске асыруды бастау жоспарланып отырған орамішілік жолдарды салу үшін әзірленген жобалар бар.

Қаланың бас жоспарына сәйкес Өскемен келешекте 2035 жылға дейін 22 және 24-ші жаңа тұрғын аудандарында көп қабатты құрылыс салу жоспарлануда.

Егжей-тегжейлі жоспар жобасына сәйкес, 22 аудан шекарасында жалпы ауданы 902,9 мың шаршы метр арналған 110 көппәтерлі үй салу көзделуде. Бүгінгі таңда тұрғын ауданды абаттандыру және желілер салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

24 тұрғын ауданда егжей-тегжейлі жоспар жобасына сәйкес жалпы ауданы 1 337,4 мың шаршы метр 92 көппәтерлі үй салу көзделген.

Бұл ауданға сумен жабдықтаудың магистральдық желілері, сондай-ақ жылу, сумен жабдықтау және кәріздің орамішілік желілері тартылды. Ағымдағы жылы Электрмен жабдықтаудың кварталішілік желілерін, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың магистральдық және алаңнан тыс желілерін жүргізу жоспарлануда.