Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу жөніндегі ақпарат

Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшу жөніндегі ақпарат

2019 жылғы 26 желтоқсандағы  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшуді қамтамасыз ету қажет, яғни мүлік иелері бірлестіктері және жай серіктестіктер (МИБ, ЖС) түріндегі басқару нысандарына көшу қажет.

Жаңа нысандарды құру алгоритмі келесідей: пәтер иелері жиналысты бастауы керек. Бұл ретте бастамашыл топ бастамашы бола алады, олардың саны пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кемінде 10%  құрауы тиіс. Жиналыс өткізілетін күн туралы 10 күн бұрын қоғамдық орындарда алдағы жиналыс туралы хабарландыру орналастырылады. Сондай-ақ, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелерін жиналыс туралы жеке, сондай-ақ электрондық пошта немесе ұялы байланыс арқылы хабардар ету қажет.

Жиналыс барлық меншік иелерінің кем дегенде 50% кворуммен қамтамасыз етілуі керек және шешімдер қатысушылардың көпшілігінің келісімімен қабылданады. Кворум болмаған жағдайда жазбаша сауалнама жүргізуге болады.

Құрылған басқарудың жаңа нысандары «Бір үй – бір МИБ/ЖС – бір шот» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады. Әрбір МИБ пен ЖС өзінің жеке ағымдағы және жинақ шотын ашады. Осылайша, бұл қағида әр үйді басқарудың жеке тәсілін қарастырады.

Бұл ретте, осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген және қызметін жүзеге асыратын басқару нысандары (үй-жайлар меншік иелерінің кооперативтері) көппәтерлі тұрғын үйді басқару жөніндегі қызметті 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жүзеге асыра алады.

ПИК(ПКК), ПКК (ПК), ПКК қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін акт бойынша көппәтерлі тұрғын үй кеңесіне барлық қолда бар техникалық, қаржылық және өзге де құжаттарды беруге және заңнамада белгіленген тәртіппен таратуды жүргізуге тиіс.

МИБ немесе ЖС құру процедурасы Заңда және нормативтік құқықтық құжаттарда қарастырылған. Ең бастысы, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері неғұрлым белсенді болып, жиналыс ұйымдастырып, МИБ немесе ЖС құру туралы шешім қабылдай алады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес басқарудың жаңа нысандарын енгізу бойынша реформаны жетілдіру мақсатында жақында мыналарды көздейтін түзетулер пакеті қалыптастырылды:

- жиналыстың кейбір функцияларын беру арқылы үй Кеңесінің өкілеттіктерін күшейту (қаржылық мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде кворумды азайту (жалпы жиналыстың 2/3-тен 51% - ға дейін) және жазбаша сауалнама мерзімін 2 айға дейін ұзарту);

- көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару нысандары бойынша градациялау (ТББ) - 16 пәтерге дейін, жай серіктестік (ЖС) - 30 пәтерге дейін, мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) - 30-дан астам пәтер.

Яғни, егер пәтер иелерінің, тұрғын емес үй-жайлардың саны он алтыдан аспаса, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерін тікелей бірлесіп басқару түріндегі үшінші нысанды қосу көзделген.

- кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау жөніндегі қағидаларды, тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын бекіту;

- тұрғын үй инспекциясына уақытша басқарушы компанияны анықтау және тағайындау бойынша өкілеттіктер беру.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы қаралуда және ол ресми жарияланғаннан кейін ғана қолданысқа енгізіледі.

Сондай-ақ, облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері реформаны іске асыру шеңберінде нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде кондоминиум объектісін басқаруға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін, қасбеттерді ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің лифттерді жөндеуге және ауыстыруға байланысты шығындарды өтеу қағидаларын бекіту бойынша жұмыстар жүргізуде. коммуналдық қызмет көрсету ережесі.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшуді ұсынамыз.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді (МИБ/ЖС) басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша негізгі материалдарды «Тұрғын үй коммуналдық- шаруашылығың жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ ресми сайтынан көре аласыздар (https://zhkh.kz/), сондай-ақ барлық туындаған мәселелер бойынша облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй инспекциясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдеріне жүгіне аласыздар.