Хабарландыру

Хабарландыру

«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) арнайы техникалық шарттарды қарау және келісу жөніндегі жауапты орган болып табылатынын хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №60 «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 01 тамыздағы №199   «Шығыс Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен Басқарма Ережесіне мынадай қосымша функция енгізілді:

  • Жеке және заңды тұлғаларға берілген габариттер, есептік қуат, техникалық процесстер, функциональдық мақсаты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасында нормалары жоқ өзге де ерекше жағдайлары бойынша өзіндік параметрлері (сипаттамалар, қасиеттері) бар объектілерді жобалау кезінде арнайы техникалық шарттарды келісімдеу.

Бұл жағдайда арнайы техникалық шарттар ілеспе хатпен бірге ұсынылуы керек.

Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 1 подъезд, 3 қабат 301 кеңсе мекен-жайы бойынша жүгіну қажет.

Электрондық пошта мекенжайы: stroiarhvko@akimvko.gov.kz