2022 жылдың 03 наурыз айында Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа...

2022 жылдың 03 наурыз айында Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа...

2022 жылдың 03 наурыз айында Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының бас маманы Бекбаева Гүлнұр Айтқұрманқызы басқарма қызметкерлерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына енгізілген өзгертулер бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында лауазымды тұлғаларға Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары, оны ұлттық тәжірибе мен озық шетелдік тәжірибені ескере отырып, қоғамның сұранысына қарай үздіксіз жетілдіру туралы түсіндірілді.

Осы ретте ағымдағы жылдың 2 ақпанында таза қоғамды қалыптастыру мақсатында ел Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы бекітілген болатын. (бұдан әрі – Тұжырымдама).

Тұжырымдамаға сәйкес «ақшаның соңынан еру» дегенді білдіретін ««follow the money» қағидасы негізінде қаржылық тергеу әзірленді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан дамуының барлық салаларына және азаматтардың қызметіне әсер етеді. Бұл Тұжырымдамада соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында орын алған өзгерістер көрсетіліп, осал тұстары көрсетілген. Тұжырымдамаға жақсы қоғамды қалыптастыру, алдын алу шаралары және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша одан әрі жұмыс кіреді.

Бүгінгі таңда әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша мемлекеттік ауруханалар, балабақшалар, жер және тұрғын үй қатынастары саласы, құрылыс, сондай-ақ тұрмыстық сыбайлас жемқорлықпен байланысты пара алудың үлкен үлесі әлі күнге дейін ауыртпалықсыз күйде. Өкінішке орай, халық арасында әлдебір жеңілдіктер алу үшін, әлде бір мәселені шешу үшін беру оңай деген пікір әлі де бар.

Сыбайлас жемқорлық фактісімен бетпе-бет келген әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 1424 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы хабарласа алады.