Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет – бұл барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.

Мемлекетіміздің қарқынды дамуы Сіздердің мамандылықтарыңызға, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгеріңізге тікелей байланысты. Облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы үшін жауапкершілік мемлекеттік қызметшілерге артылады.

Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасына амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!

 т/б: «ШҚО құрылыс, сәулет, және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің қызметкерлері.