ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, құрылыс қарқынын нықтады

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Риддер қаласына жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік маңызды нысандарды аралап, құрылыс қарқынын нықтады

"Бұл қалада биыл мұнда 600 орындық жаңа мектептің құрылысын бастадық. Алдағы екі жылда қалада 140 орындық жаңа аурухана, 500 адамға арналған емхана бой көтереді", - деді ол. Тиісті тапсырмалар ШҚО құрылыс, сәулет және архитектура басқармасына жүктелді.

Айта кетейік, аудандық аурухананың үшінші корпусының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Кейбір лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың өз жұмысына бей-жай қарауының салдарынан нысанда 2,5 жыл бойы жұмыс тиісті дәрежедегі атқарылмай, тұрып қалды. Бірақ, жаңа мердігер мекеменің арқасында жұмыс қысқа мерзім ішінде сапалы түрде орындалды.

Нәтижесінде, Риддер қаласы толық жөнделген, заманауи, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген инфекциялық бөлімге ие болды.

Тоқталып өтер маңызды мәселе, бүгінде қалада 1400 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың қатарында қырық көпбалалы отбасы бар. Сондықтан Риддерде тұрғын үйлерді салу жұмысын бастау өте маңызды. Осы ретте, келесі жылы кем дегенде 4 көпқабатты үйдің құрылысы басталады. Қажетті қаражат бөлінеді.

Осы жылдың екінші жартысында офтейк келісімшарт бойынша 10 бірқабатты үй бой көтереді. Бұл көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 20 пәтер. Егер құрылыс компаниясы өз міндеттемелерін сапалы және мерзімінде орындайтын болса, онда тағы 10 үйдің құрылысына келісімшарт жасасамыз, осылайша 40 көпбалалы және аз қамтылған отбасы баспаналы болады, деді өз сөзінде аймақ басшысы.

Қазіргі уақытта қалаға 17 дәрігер қажет. Әкімдік қажетті мамандарды тапқаннан кейін, оларға арнайы тұрғын үй құрылысы басталады. Жалпы, қаладағы тұрғын үй мәселесін шешу үшін жұмысы аяқталмаған бос үйлерді сатып алу тапсырылды. Себебі, кезек мәселесін шешуіміз керек. Сондай-ақ, сумен жабдықтау және көпірлерді қайта құру жобалары да іске асырылуда.