ШҚО әкімдігі Алакөл көлін құрғату туралы: "Шындыққа жанаспайтын ақпарат!»

ШҚО әкімдігі Алакөл көлін құрғату туралы: "Шындыққа жанаспайтын ақпарат!»

Туризмді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы аясында Алакөл жағалауын дамыту жоспары бекітілген. Оған сәйкес, құрылыстың жаңа аймағын қалыптастыру үшін 60 га жер учаскесін игеру жоспарланып отыр. Оның 23,7 га құрайтын сазды батпақты аумағында құрғату жұмыстары жүргізіледі. Ерекше атап кету керек, жобадағы құрғатуға жататын жер учаскесі мен Алакөл көлінің өзіне дейінгі ара қашықтық 200 метрден асады. Осы ретте көлдің 60 гектарын құрғатады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
Ал Дәулет Асанов Facebook әлеуметтік желісінде мұндай мәлімет жариялауына ҚР Су ресурстары Комитетінен алған қате жауап себеп болған.

Бүгін, облыстық әкімдікте жауапты органдармен кездесіп, аталған жобаны талқылаған эколог Дәулет Асанов та бұған көз жеткізді.
- Жобаның бастапқыда ойлағанымнан мүлдем өзгеше екеніне көз жеткіздім. Яғни, оның суға еш қатысы жоқ. Біз жоба материалын қарадық, жобалық шешімдерді көрдік. Бұл ретте Су ресурстары жөніндегі комитет тарапынан, айталық, шындыққа онша жақын емес ақпарат бергені белгілі болды. Бұл жерде көлдің өзін емес, жағалау бөлігін құрғату мәселесі қаралып отыр. Әкімдік маған бүкіл жобаны зерттеуге беруге уәде берді, мен оған ризамын. Бүгін біз бұл учаскенің су қорғау белдеуінен тыс жерде орналасқанын көрдік. Белгілерді қарадық, көлге қатысты учаскені 4 метрге көтеру жоспарланып отырғанын естідік, бұл деген, Комитет тарапынан ұсынылған жобадан мүлдем бөлек, - дейді Дәулет Асанов.

"ШҚО Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауына су бұру каналының құрылысымен жерді құрғату" жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан өткен және мемлекеттік сараптаманың 28.09.2020 ж. №06-0238/20 оң қорытындысы да бар. Ал қоғамдық тыңдаулар 2019 жылдың 27 қыркүйегінде Қабанбай ауылында өткізілген.
Яғни, ҚР Су кодексінің 125-бабының талаптары бұзылмаған.

- Жоспарлы материалдарға сәйкес, жобаланып отырған құрғату учаскесі облыс әкімінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысымен белгіленген № 466 (су қорғау аймағы - 500 м.және жолақ - 100 м.) су қорғау аймағы шегінде және одан тыс жерде орналасқан. Демек, ҚР Су кодексінің 125-бабы бұзылмаған. Алакөл көлінің өзін құрғату мүмкін емес, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - дейді ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Мұрат Құсайынов.

Жоба шеңберінде қоршаған ортаға зиян келтірмей су объектілерінің табиғи жай-күйін сақтауға мүмкіндік беретін су қорғау іс-шаралары көзделеді.

Учаскенің сазды батпақтығы бірқатар факторларға байланысты, олардың негізгілері: осы учаскенің өте төмен дренаждылығы, өйткені бұл жердегі топырақтың сүзу коэффициенті өте төмен, нәтижесінде су топырақтың төменгі қабаттарына нашар сүзіліп, жер бетінде тұрып қалып, батпақтануды тудырады.

- Алакөл көлін ешкім құрғатпайды. Алакөлдің жағалауында туризмді дамыту жоспарына сәйкес, белгіленген учаскеде көптеген бұлақтар бар. Олардың нақты бағыты жоқ. Салдарында аумағы 23,7 га құрайтын жер учаскесі саз бен батпақтан тұрады. Мұны жергілікті тұрғындар да, жақын маңдағы демалыс орталықтары да жақсы біледі. Бұл аймақта туризм дами алмайды. Ол жерге олар демалыс базаларын, тіпті қарапайым ойын алаңдарын да сала алмай отыр. Осыған байланысты, 2019 жылы Үржар ауданының әкімдігі жоба әзірлеп, ол мемлекеттік сараптамадан өткізіп, оң қорытындысын алды. Тиісті қоғамдық тыңдаулар да өтті, - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әсет Сүлейменов.

Жалпы, жобаны іске асырудың 3 кезеңі көзделген. Бірінші, батпақты аймақ тегістеу және тегістеу кезінде 351,50 метр белгісіне дейінгі батпақты жер саздақ және қиыршық тасты шөгінділерділермен жабылады. Екінші кезеңде 351,70 метр белгісіне дейін қиыршықтас-құм шөгінділерінің дренаждық қабаты құйылады. Үшінші кезеңде құрғату учаскесі жобалық 352,30 метрдегі белгіге дейін сазды топырақпен толтырылып, түпкілікті тегістеу жүргізіледі. Өңделетін топырақтың жалпы көлемі 578123 м3 құрайды. Топырақты автокөлікпен тасымалдау уақытша жолдар арқылы көзделген, олардың құрылысы мен күтімі жобада қарастырылған.
Құрғатылған учаскеге іргелес аумақтан жер үсті суларын бұру үшін демалыс аймағын дамыту үшін бөлінген аумақтың қызыл сызықтары шегінде жобаланған канал қарастырылған.

https://www.facebook.com/365632727478963/videos/771084136856952/