Әрдайым бақылауда

Әрдайым бақылауда

Өскеменде облыстық партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырысқа ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әсет Сүлейменов, ШҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасынын басшысы Инна Валл, "Nur Otan" партиясының Өскемен қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Серік Оразбайұлы және облыстық комиссия мүшелері қатысты. Күн тәртібінде Шығыс Қазақстан облысында 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. Жиынға қатысушылар басқарма басшысына тұрғын үй мәселесіне байланысты бірқатар мәселелердің бар екенін жеткізді. Өз тарапында Әсет Суйлейменов маңызды салада атқарылып жатқан шаралар мен жетістіктер жайлы бөлісті.

«Мемлекет басшысы Қ.К Тоқаев «Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын таныстыра отырып, алдағы бес жылда 100 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салуды тапсырды. Жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен (нысаналы тұрғын үйді ескере отырып) барлығы 1 052 мың шаршы метр тұрғын үй (10 936 пәтер) салу жоспарлануда, оның ішінде ағымдағы жылы 647 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған» -деді ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Әсет Бауыржанұлы. Тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасының сапалы іске асуы облыстық партиялық бақылау комиссиясының басты назарында болады. Сонымен қатар Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мұхтар Төлеген баспана құрылысының қарқынын аймақтың аудандарында да бәсеңдетпеу керектігін нықтады.