Облыс әкімдігінің кезекті отырысы барысында 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысы қаралды

Облыс әкімдігінің кезекті отырысы барысында 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысы қаралды

Облыс әкімдігінің кезекті отырысы барысында 2020-2025 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру барысы қаралды.

2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың тұрғын үй құрылысына құйылған инвестиция көлемі 82,5 млрд.теңгені, яғни, 2019 жылғы деңгейге қарағанда 173% өсімді құрады. 2021 жылы қаржыландырудың барлық кірісін есептегенде 1 052 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 10 936 пәтер салу жоспарлануда, оның биыл 647 мың шаршы метрі пайдалануға беріледі.

"Айта кету керек, биыл өңірде жеке инвестициялар есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысын ынталандыру бойынша үлкен жұмыс басталды. "Ертіс" ӘКК" АҚ-мен бірлесіп арнайы жоба әзірленді. Жалпы сомасы 26,0 млрд.теңгеге 19 коммерциялық үйдің құрылысын бастау жоспарлануда", - деп бөлісті аймақ басшысы Даниал Ахметов  фейсбуктегі өз ресми парақшасында.

Сонымен қатар, "Бір қабатты Шығыс" өңірлік бағдарламасы аясында 59,2 мың шаршы метр 441 үй салынады. Айта кетейік, баға параметрлері бойынша "жеке инвесторлармен оффтейк-келісімшарттар" жасасуды көздейтін осы бағдарламаның арқасында былтыр көпбалалы отбасылар үшін 36,6 мың шаршы метрді құрайтын 206 үй салынып, іске қосылды, делінген.