2021 жылғы 17 ақпанда «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»

2021 жылғы 17 ақпанда «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы»

2021 жылғы 17 ақпанда «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысының орынбасары Арман Байбулов құрылыс заңнама жаңалықтары бойынша құқықтық жаппай оқыту өткізді.

2021 жыл мемлекеттің құқықтық өмірінде үлкен оқиға бастама алуда. Ағымдағы жылдың шілде айында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске толықтырулар енгізілді. Кодекс құқықтық дауларға қатысушы азаматтар - жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаумен байланысты құқықтық актілердің тұтас класын кодификациялау бойынша ауқымды жұмыс атқарылуда. «Әкімшілік рәсімдер туралы» және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңдар Кодекске толығымен қайта өңделіп, енгізілді. Кодекс күшіне енгеннен кейін азаматтардың сот тәртібімен мемлекеттік органдар шешімдеріне қарсы шағымдану мүмкіндіктерін кеңейтіп, бұл мемлекеттік органдардың жұмысындағы тәртіпті арттыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымдану рәсімі Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-тарауында бекітілген.

Жаңа Кодексте шағым беруге құқықтық негіздердің неғұрлым кең ауқымы қарастырылған, қолданыстағыдан бөлек сот іс-жүргізуі тәртібі көзделген, соттарда сот шешімдерін орындаудан жалтарған лауазымды азаматтарға айыппұл салу құқығы пайда болды. Жалпы, кодекс әуре сарсанға салу мен қағазбастылықты азайтуға бағытталған.

Кодекстің қабылдануына байланысты бірқатар заңнамалық актілерге, соның ішінде құрылыс саласына да өзгерістер енгізілді. Осылайша, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заң азаматтардың құқығына қарасты келесідей нормалармен толықтырылды:

- жобаланатын объектілер, тiршiлiк ортасының және тiршiлiк ету әрекетінің жай-күйi және мемлекеттiк нормативтерге немесе бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес келмейтiн, сондай-ақ қоғамдық және жеке мүдделердi тiкелей қозғайтын, оған көзделіп отырған өзгерiстер туралы анық емес ақпарат берген жағдайда сотқа жүгіну;

- облыстардың, қалалардың, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ жобалар сараптамасының қорытындыларына шағым жасау және т.б

Жалпы оқыту барысында қызметкерлерге заңнаманың жаңалықтары жеткізілді, қабылданған құқықтық нормалар туралы ережелер түсіндірілді.