30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды (БАҚ атауы).
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акция ҚР Үкіметінің қолдауымен өткізіледі, ұйымдастырушылар - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Әділет министрлігі, Zakon.kz желілік басылымы, "Параграф" ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, мемлекеттік билік органдары, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде.
📌 Акция өтетін орындардың мекенжайлары:
Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55-үй, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті ғимараты;
Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 14-үй, «Мәдениет сарайы» КМКҚ;
Алтай қаласы, Алтай ауданы, Тәуелсіздік көшесі, 20-үй, Алтай ауданы әкімдігі;
Күршім ауданы, Күршім ауылы, Ибежанов көшесі, 23-үй, Күршім ауданы әкімдігі.
КІРУ ТЕГІН!
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.