«БУӨШ» ЖШС

«БУӨШ» ЖШС

 «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен 2022-2024 жылдар аралығында «Екінші және үшінші балық өсіру аймақтары жағдайында ақ амур балықтарын жасанды түрде көбейту, өсіру және сату» № АП15573704 коммерцияландыру жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба грант алушы Шығыс Қазақстан облысындағы «Бұқтырма уылдырық шашу және өсіру шаруашылығы» ЖШС базасында жүзеге асырылуда. ІІІ балық өсіру аймағындағы тоғандық балық шаруашылығына амурды енгізудің негізгі проблемасы оны жасанды жағдайда көбейту болып табылады. Біз әзірлеген шаралар зауыттық әдіспен өзіндік балық отырғызу материалын алуға мүмкіндік берді. III балық өсіру аймағының тоған жағдайында амур балығын өсіру мүмкіндігі мәселесі сәтті шешіліп, өндіріске енгізілді.

Сондай-ақ, «БУӨШ» ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-мен іскерлік қарым-қатынаста, бұл ұйым амурды жасанды көбеюту кезінде ғылыми қолдау көрсетеді.

 «БУӨШ» ЖШС-де коммерцияландыру жобасы аясында біршама жаңару жұмыстары жасалды, атап айтқанда балық өсіру цехы толықтай күрделі жөндеуден өтті. 13 бірлік мамандандырылған техника, арнайы киім, оргтехника, заманауи зертханалық жабдықтар сатып алынды. Сонымен қатар  жаңа жұмыс орны ашылып,  жұмысшылар санын көбейтуге септігін тигізді. Бүгінгі таңда кәсіпорын жергілікті тұрғындарды 30 жұмыс орнымен қамтамасыз етіп отыр.