Аудан орталығында жаңа «BalaMarket» балалар дүкені ашылды. Дүкенде балалар мен олардың аналарына қажетті барлық нәрселерді, сапалы тауарлардың кең ассортиментін табуға болады. Сауда үйінің иесі - жас кәсіпкер Әлімханова Назым Жангелдікқызы.
Өз бизнесін бастау идеясы Назымға бала күтімінде отырғанда келді. 2020 жылдың соңында ол сол кезде ауылда болмаған балалар жөргегін сатуға шешім қабылдады. Алғашқы тауарларды табысты сатқан соң, шағын капиталмен үйінде тапсырыс беріп сатты, инстаграм арқылы онлайн сауда жүргізді, одан әрі балалардың заттары мен сәбилерге арналған тауарлар ассортименті кеңейді. Өзінің клиенттік базасын тауып алған Назым ғимаратты жалға алып, алғашқы дүкенін ашты, оны ауылдастары жылы шыраймен қарсы алды! Бір жылдан кейін жас бизнесмен ханым кішкентай ауыл тұрғындарының қажеттіліктері үшін өз дүкенін салуға шешім қабылдады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерге «Жастар» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бизнесті кеңейтуге, дәлірек айтсақ, заманауи құрылғылар сатып алуға бағытталған 2,5% жеңілдікті несие берілді. Бүгінгі күні "BalaMarket" - мемлекеттің қолдауының арқасында аудан тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие, барлық қажетті құрылғылармен жабдықталған жарқын, кең және жайлы заманауи дүкен.Сондай-ақ, дүкенде интернет-банкинг және пост-терминалдар арқылы клиенттердің ыңғайлы төлемдері бар. Әлеуметтік желілерде Назымның блогы белсенді жүргізілуде, бұл бүгінгі таңда бизнесті дамытудың басты өлшемі болып табылады. 3 қызметкер жұмыспен қамтылып отыр. Жетістікке жетудің ең басты өлшемі - өз ісіне сүйіспеншілік пен қанағаттанарлық, клиенттердің ізгі пікірлері болып табылады, деп есептейді Назым!