«Анама хат - Письмо маме» онлайн байқауын ұйымдастыру және өткізу
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Мақсаты: отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру, ата-аналардың балаларымен дұрыс қарым-қатынасын нығайту. Халықтың қоғамдық маңызы бар қызметке тартылу деңгейін арттыру.
Өткізу кезеңі:
2024 жылғы 20 ақпаннан – 28 ақпанға дейін.
Конкурсқа қатысушылар: Күршім ауданының кез-келген тұрғындары - әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылар.
ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:
- Аудан әкімдіктерінің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі танымал аккаунттарда конкурс жарияланды. Ағымдағы жылдың 20 ақпанынан басталды.
- Конкурсқа қатысушылар әлеуметтік желілерде #Анама хат – Письмо маме хэштегімен хаттарды орналастырып, аудандық ішкі саясат бөліміне өткізу сұралады - 28 ақпанға дейін.
- Облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшелері 2024 жылғы 29 ақпанда хаттардың іріктеу турын өткізеді. Хаттың шынайылығы, тақырыптың ашылуы, көркемділігі және ерекшелігі бағаланады.
- 2024 жылғы 1 наурызда ауданымыздан «Анама хат - Письмо маме» байқауының облыстық турына қатысу үшін Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасына 2 үздік жұмыс жолданады.
- Конкурсқа қатысу үшін хаттарды ресімдеу кезінде анасының толық деректері (аты-жөні, мекен-жайы және ұялы телефоны) және хат авторының (баланың) толық деректерін (аты-жөні, мекен-жайы және ұялы телефоны) көрсетілуі тиіс.
«АНАМА ХАТ – ПИСЬМО МАМЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТУ:
- 2 үздік хат 2024 жылғы 6-7 наурыз аралығында Өскемен қаласында өткен 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиында оқылады.
- 2024 жылғы 6-7 наурыз аралығында сыйлықтарды табыстау үшін Өскемен қаласына 2 үздік хаттың авторлары, аналарымен бірге шақырылады.