Мұзда ойнау қауіпті!
Ағымдағы жылдың басынан еліміздің су айдындарында 5 бала суға кетті. Балалардың қаза болуының себебі балалардың абайсызда суға, су қоймаларының жанында ересектердің қарауынсыз болуы салдарынан құлауы болды.
Құрметті ата-аналар! Ересектердің қарауынсыз қалған балалардың мұз үстінде ойнауы өлардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Осыны әр ересек адам баласына түсіндіріп жеткізуі қажет.
Балаларды қараусыз су қоймаларына жібермеңіз, қауіп туралы ескертіңіз, су маңайында ойнауға тыйм салыңыз. Егерде Сіз мұз үстінде ойнаған балаларды көрсеңіз шұғыл түрде оларды кауіпті жерден алып кетуге тырыссыңыз. Құтқарушыларды, полиция қызметкерлерін шақыртыңыз немесе жақындағы адамдарды көмекке тартыңыз.
Өте қауіпті көктемгі еріген мұз! Су қоймаларының жағасында өте сақ болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау жөн.
ҚР ТЖМ өрт-құтқару қызметерінің 101,112 телефондары ұялы байланыстың барлық операторларының абоненттеріне жетімді.
Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі