Мемлекеттік корпорация мен РНП өкілдері нотариустардың жұмысымен танысты

Мемлекеттік корпорация мен РНП өкілдері нотариустардың жұмысымен танысты

Мемлекеттік корпорация мен РНП өкілдері нотариустардың жұмысымен танысты

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Басқарма Төрағасы мен Республикалық нотариаттық палатаның төрағасы нотариустардың жұмысымен танысып, ЖМБМК жүйесінің жұмыс қабілеттілігін тексерді.

«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа ақпараттық жүйесіне көшуіне байланысты алғашқы күндері жылжымайтын мүлік желісі бойынша қызметтердің уақытша дұрыс жұмыс істемеуі байқалды. Мемлекеттік корпорация қажетті жұмыстарды жүргізіп, техникалық ақауларды ретке келтірді. Біз үшін ең бастысы нотариустардың, сондай-ақ, eGov.kz портал мен ХҚО-лардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Енд ібіз осы жүйемен жұмыс істейтін басқа да құрылымдарды іске қосамыз», - деді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.

«Бүгінгі таңда нотариустар әдеттегі түрде жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта техникалық ақауға дейін БНАҚЖ арқылы тапсырыс берген анықтамаларды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір ЖМБМК-ға көшуге байланысты жүйелерді интеграциялау жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Жүйедегі ақаулар жойылғанға дейін азаматтар нотариустар арқылы мәмілелерді жасайалатындай уақытша шешім ойластырылған. Қазіргі уақытта нотариустар eGov.kz порталында үшінші тұлғалардың анықтамаларды алу сервисі арқылы тапсырыс бере алады. Айта кетейік, 10 мамырдан бастап БНАҚЖ-дан 8114 өтініш қабылданды. Қазіргі уақытта өтініштердің ішінде 4 367 орындалды», - деп атап өтті РНП Төрағасы Жанабилова Асель Булатказыевна.

БНАҚ жүйесі ЖМБМК-ны қосқанда әр түрлі ондаған ақпараттық жүйелермен біріктірілгенін ескере кеткен жөн. Биыл 5-9 мамыр аралығында «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер базасынан «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа ақпараттық жүйесіне көшуге байланысты техникалық жұмыстар жүргізілді.