Жастарға арналған микрокредит

Жастарға арналған микрокредит

Жастарға арналған микрокредит

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жастарға микрокредит беру бағдарламасы іске асырылады.

Бүгінгі күнге Аграрлық несие корпорация жастарға микрокредит беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде анықталды.

Жастарға арналған микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.

Несиелеу шарттары:

  • Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
  • Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
  • Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Микрокредит алу үшін кепіл мүлкі болуы міндетті.  Кепілге  жылжымалы (арнайы техника) және жылжымайтын мүлік (ғимарат, тұрғын) қоюға болады. Кепіл мүлік болмаған жағдайда кепіл берушінінің ата-анасы, туыстары келісім беру арқылы мүлкін кепілге қоя алады.

Өтінім беру үшін құжаттарды "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.  Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 51 үй.

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. жеке басын куәландыратын құжат;
  2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
  3. қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар;
  4. қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;
  5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);
  6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;
  7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.

Микрокредит төмендегі мақсаттарға берілмейді:

  • тұрғын жылжымайтын мүлікті (оның ішінде малшылар үшін уақытша/тұрақты тұрғын үйлерді) сатып алу, салу немесе жөндеу, жер учаскелерін сатып алу (кез келген нысаналы мақсатпен);
  • бағалы қағаздарды сатып алу (портфельдік инвестициялар);
  • қаруды (оның ішінде қару өндіруге арналған құрамдас бөліктерді), құрамында есірткі бар заттарды немесе азаматтық айналымнан алынған басқа да мүлікті өндіру немесе сатып алу;
  • ойын бизнесін ұйымдастыру және (немесе) дамыту;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған террористік және кез келген өзге де қызметке байланысты қызмет;
  • моторлы көлік құралдарын шығаруды және өз өндірісіндегі жүзімнен шарап өндіруді қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығару;
  • темекі және\немесе алкоголь өнімдерін сатып алуды көздейтін жобалар;
  • кредиторлық берешекті өтеу;
  • бизнесті жүргізуге байланысты емес жеке тұтынушылық мақсаттардан басқа кез келген мақсатқа беріледі.

Шағын несие беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында қорғайды, комиссия ол бизнес-жобаларды бағалап, неғұрлым болашағы барын таңдайды.

Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.