2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру
2021-2025 жылдар аралығында жұмыссыздықты азайту мақсатында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» қарастырылған. Ұлттық жоба аясында төмендегі жұмыспен қамтудың белсенді шаралары іске асырылады.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Халықты жұмыспен қамту туралы № 482 заңының 13 бабы 1 тармағында, жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына тікелей не "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеле алады.
Үш жұмыс күні өткеннен кейін жұмыс іздеуші ретінде тіркеуде тұрған адам жұмыссыз мәртебесіне ие болады. Жұмыссыз мәртебесіне ие болған азамат/ша -ларды мамандықтарына немесе жас мөлшеріне қарай уақытша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатыстырылады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу үшін мемлекеттік және жеке сектордағы мекемелер (ауылдық округ әкімшіліктері, бөлімдер, шаруа қожалықтары, жеке кәсіпкерлер) электронды еңбек биржасы арқылы тапсырыс бере алады. Берілген тапсырыстарды жергілікті атқарушы орган қарап, оң немесе теріс шешім шығарады.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларының бірі қоғамдық жұмыс.
Қоғамдық жұмысқа жұмыссыздар 12 айға дейін қатыса алады. Қоғамдық жұмысқа басым бағыт мамандығы жоқ жұмыссыздар болып табылады. Қоғамдық жұмысқа жеке секторлар да жұмысшы алуға болады. Жалақы мөлшері 70 000тг.
Тиісті құжаттар:
Қысқа мерзімдік курсқа жұмыс берушілдердің тапсырысы негізінде жұмыссыз адамдар оқытылып, сол мамандықтары бойынша тұрақта жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар. Мемлекет тарапынан жұмыссызға ай сайын 21 787 теңге шәкірт ақы, медасмотрден өтуге 2 АЕК (6900 тг), жол шығынына (ары-бергі шет жақ ауылдар үшін ) 4 АЕК(13 800тг), алыс елді мекендерден келіп оқитындар үшін жатақхана шығынына ай сайын 10 АЕК (34 500 тг) төленеді.
Тиісті құжаттар:
Әлеуметтік жұмыс орны – халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші құратын жұмыс орны. Жалақының субсидияланатын мөлшері 35%-ды құрайды, бірақ 20 АЕК-тен аспайды. Мерзімі 12 айға дейін.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда, сондай-ақ үйде ұйымдастырылады, бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы жүргізетін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Тиісті құжаттар:
Жастар практикасы меңгерген мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды. Жалақысы 30 АЕК (103500 тг. қолдарына 79811 тг).
Тиісті құжаттар:
«Алғашқы жұмыс орны» жобасы шеңберінде жұмыс берушілерге жіберілетін 29 жасқа дейінгі орта білімі бар жұмыссыз жастар қатыса алады. Мемлекет тарапынан ай сайын жұмысшыға 30 АЕК (103500 тг.қолдарына 79811 тг) субсидия мақсатында жалақы төленеді. Қатысу мерзімі бойынша 18 айдан аспайды және қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін келісім шарт бойынша жұмыссызды кемінде 12 (он екі) ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына жұмысқа қабылдауға міндетті.
Тиісті құжаттар:
Күміс жас жобасына 50 жастан асқан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз адамдар 3 жыл мерзімге қатыса алады.Мемлекет тарапынан 1 жылы жалақының 70%-ы 30 АЕК-ке дейін (103500тг), 2 жылы 65%-ы 30 АЕК-ке дейін, 3 жылы 60%-ы 30 АЕК-ке дейін субсидияланады. Жұмыс беруші келісімшарт аяқталғаннан кейін қатысушыны зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа қабылдауы тиіс.
Тиісті құжаттар:
Ұрпақтар келісімшарты жобасына соңғы 2 жыл ішінде орта және жоғарғы оқу орындарын аяқтаған 29 жасқа дейінгі жастар мамандығына сәйкес қатыса алады. Мерзімі 6 айға дейін, жалақы 30 АЕК (103500тг. қолдарына 79811 тг). Жұмыс беруші 6 ай мерзімге зейнеткерлікке шығатын адамды тәлімгер ретінде тағайындайды. Тәлімгер зейнеткерлікке шыққан кезде қатысушы тұрақты жұмысқа қабылдануы тиіс.
Тиісті құжаттар:
Халықты жұмыспен қамту
орталығының директоры Р. Нұрланұлы