Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясына шақыру туралы

Аудандық мәслихат депутаттарының және аудан тұрғындарының назарына! Аудандық мәслихаттың кезекті жиырма алтыншы сессиясына шақыру туралы

      VIІ - шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2022 жылдың қазан айының 7 күні сағат 11-00-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.                 

                         Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:

  1. Ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және мәдени-әлеуметтік нысандарының жылыту маусымына дайындығы туралы.

Ерлан Тельманұлы Шораяқов - аудан әкімінің орынбасары.         

  1. Жер учаскелерін бөлу және игерілмеген жерлерді қайтару бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы.

Қайрат Зайнолдабекұлы Әзімбаев – аудан әкімінің орынбасары.

  1. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 2022 жылы ауданда атқарылған жұмыстар туралы

            Бахтияров Қайрат Тоқанұлы - жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы.

  1. Құйған, Боран, Төсқайын ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есептері.

Ауылдық округ әкімдері.

  1. Әр түрлі мәселелер.

       Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 09-00 - да.      

 

           Күршім аудандық

           мәслихаттың хатшысы                                                   М. Калелов