Өскеменде АвтоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгерді

Өскеменде АвтоХҚО-ның жұмыс кестесі өзгерді

2022 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Өскемен қаласының АвтоХҚО  жұмыс кестесі өзгеруде.  Енді олар сенбі күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді, деп ШҚО бойынша "Азаматтарға арналған үкіметтің"баспасөз қызметі хабарлады.

         Мамандандырылған ХҚО-ның жоғары жұмыс жүктемесіне байланысты мемлекетік корпорация жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Республика бойынша 20 АвтоХҚО-сы сенбі күндері жұмыс істейтін болады.

         Кезекті «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-бот, eGov және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала брондауға болады.

         Еске сала кетейік, АвтоХҚО-лар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, құжаттар 09-00-ден 15-00-ге дейін табысталады.

 

         Өскемен қаласы бойынша кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары №3 ХҚО Белинский 37а және АвтоХҚО Абай даңғылы 203/3 мекен-жайларында орналасқан.