Өрт қауіпті кезеңі

Өрт қауіпті кезеңі

Жылы құрғақ ауа-райының келуіне байланысты өткен жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, осы уақытта ауылдық елді мекендерде, орман, ауыл шаруашылығы алқаптарында, үй жанындағы учаскелерде құрғақ шөптің, қоқыстың жануына байланысты, өрттер саны өсуде.

Өрттің басым бөлігі ауыл шаруашылығы алқаптарында бақыланбайтын (өткен жылғы шөп пен сабанды жағу) жануларға байланысты, ормандарда отты ұқыпсыз пайдалану салдарынан да жанып тұрады. Бұл бау-бақша учаскелерін жинаумен (және соның салдарынан қоқыс пен шөптерді өртеу) және халықтың табиғатқа жаппай шығуымен (от жағу, темекі шегу және т.б.) байланысты.

 Аудан аумағындағы далалық жерлер мен орман алқаптарының мониторингі қалыптасқан өрт қауіпті жағдайды болжауға көмектеседі, ол алдағы уақытта аудан халқы мен аумағын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған бірқатар шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Көптеген тұрғындар демалыс күндері табиғат аясында су айдындары мен өзен жағалауында уақыт өткізіп, балық аулауға және демалуға шығады. Мұндай уақыт өткізу түрінде көбінесе өткізу от жағу бірге жүреді, ал бұл табиғи өрттердің себебі болуы мүмкін. Жанудың негізгі себептері тұрғындардың отпен абайсыз болуы және құрғақ шөптерді рұқсатсыз жағуы болып табылады.

Құрметті азаматтар! Күршім төтенше жағдайлар бөлімі дала-орман өрттерін болдырмау үшін қарапайым әрекеттерді еске салады:

- орманда жанып жатқан сіріңкені, темекі тұқылын, түтікше күлді лақтыруға тыйым салындаы. Оларды мұқият сөндіру қажет;

- орманда жанар-жағар май сіңген материалдарды қалдыруға;

- жерде шыны заттар мен сынықтарды қалдыруға болмайды. Оларды өзімен алып кетуге не көміп тастау қажет;

- көктемде шөп өртеуге;

- қылқан жапырақты жас шыбықтардан, кеспеағаштардан от жағуға тыйым салынады. Егер мұндай от қажет болса, одан бір метр радиуста жанатын барлық материалдарды алып тастап, оттан ұшатын ұшқындарды үздіксіз бақылап отыру керек. Өрт күшті болмауы керек;

- сөндірілмеген от қалдырмаңыз. Отты мұқият сумен өшіріп немесе құм себу керек.

Және есіңізде болсын! Төтенше жағдай туындаған кезде "101" және "112" нөмірлері бойынша қоңырау шалу қажет.

 

 

Күршім ауданының төтенше жағдайлар бөлімі