Казіргі уақытта республиканың кез келген өңіріндегі азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің тиімді қызметінің негізгі компоненттерінің бірі болып олардың барлық мемлекеттік органдарымен, мекемелермен, кәсіпорындармен, үкіметтік емес ұйымдармен және бірінші кезекте жергілікті атқарушы органдарымен тығыз өзара іс-қимылы болып табылады.
Күршім ауданының аумағы бірқатар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіп-қатеріне ұшырайды: жер сілкінісі, көктемгі су тасқыны және топан су басу, қыста мол қар түсуі, боран мен бұрқасын, көктемнен кеш күзге дейін дала және орман өрттері. Оқиғалар статистикасын адамдардың ұлы газдан улану, өрт кезінде адамдардың қаза болу, шомылу кезінде табиғатта демалушылардың қаза болуы фактілері өкінішке орай жылдан жылға толықтыруда.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша шаралардың тиімділігіне бірлесіп жоспарлау ақпарат алмасу, тұрақты ТЖ болуы мүмкін аймақтарындағы болжам мен мониторинг барысында қол жеткізіледі.
ТЖ, №№30,45 өрт сөндіру бөлімдері және ШҚО ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ ЖҚБ 9 құтқару бөлімшесінің жұмысына Күршім ауданының әкімдігі тарапынан көп көңіл бөлінеді. Сондай-ақ өткен жылдың соңында аудан әкімнің атына жазылған хатқа сәйкес 08 ақпанда әкімдігімен сүңгуірлік костюмдер, ұшуға арналған аппарат сатып алынды. Алынған мүліктер Күршім ауылыдағы ШҚО ТЖД" ӨСжАҚЖҚ ШҚЖ» 9 құтқару бөлімшесіне сақтауға және пайдалануға берілді.
Айта кетерліктей, "дрон" құрылғысын іздестіру және құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі бейне сюжеттер мен роликтерді жазуға қолдануға мүмкіндік беріп, құтқарушылардың жұмысын айтарлықтай .
жеңілдетеді.
Аппаратты дала және орман алқаптарын патрульдеу, алдын алу жұмыстарын жүргізу кезінде және бөлімшелерінің қызметі туралы ақпараттарды жариялау мақсатында пайдалану жоспарлануда.
Аудандық ТЖБ, №№45,30 ӨСБ және 9 құтқару станса қызметіне қолдау көрсетіп, көңіл бөліп отырғаны үшін құтқарушылар аудан әкімі Дулат Зайсанбекұлы Қажановқа алғысын білдіре отырып, ТЖ алдын алу, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ТЖ орын алса азамтаттар мен заңды тұлғалардың мүлігін сақтап қалу бойынша жұмыстарына бар күшін салатындарын білдірді.
Күршім ауданының ТЖБ