«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған, пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға рақымшылық қолданылған. Айта кетсек, Қазақстан Республикасында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң жобасы әзірленіп, қолданысқа енгізілді.

Заңды іске асыру мақсатында, Күршім аудандық №1 пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған рақымшылық жасауға жататын тоғыз сотталғанға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, аудандық сотқа іс-құжаттары жолданған.

 Бүгінгі күні 9 сотталғанға қатысты сот отырыстары өткізіліп, 1 сотталған жазадан босатылса, 8 сотталғанның жазасы қысқартылды. 

 

ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1 пробация қызметінің
аға инспекторы, әділет капитаны   Г.Е. Кусаинова