«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

«Құқықтық тәртіп»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жедел жағдайды сауықтандыру, заңдылықты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдай салдарын жою мақсатында, ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Құқықтық тәртіп»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

 «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында  Күршім аудандық №1 пробация қызметінің қызметкерлері Күршім аудандық ПБ-нің   қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандардың мекен-жайын тексеріп, профилактикалық сұхбат жүргізуде.

Әр азаматтың мінез-құлқына бақылау жасалып, қоғамға қарсы іс-әрекеттерді анықтау, сондай-ақ олардың тарапынан құқықбұзушылық және өзге де құқыққа кайшы келетін іс әрекеттердің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ШҚО бойынша ҚАЖД Күршім аудандық №1 ПҚБ
инспекторы, әділет аға лейтенанты Ә.С. Бөкейханов