Мамандық таңдау - әр адамның өміріндегі өте жауапты кезең

Мамандық таңдау - әр адамның өміріндегі өте жауапты кезең

Дұрыс және уақытылы кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру білім алушылардың контингентін қалыптастырудағы маңызды құрамдас бөліктердің бірі болып табылады. Осы жұмыс аясында Күршім ауданының ТЖБ мамандары талапкерлермен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. №3 Күршім гимназиясы және Құйған орта мектептерінің 40  11 сынып оқушыларына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кәсібінің ерекшеліктері, олардың ержүрек қызметінің ерекшелігі, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ ересек ұлдардың ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары туралы, төтенше жағдайлар жүйесінің бөлімшелерінде қызмет атқару туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Академияны бітірудің артықшылығы – кепілді жұмысқа орналасу, әлеуметтік кепілдер, лайықты степендия және азаматтық қорғау лейтенанты атағы. Сонымен қатар «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары және өрт кезіндегі іс-қимыл қағидалары», «Балалардың отпен ойнау себебінен туындайтын өрт» туралы түсіндірмелік жұмыстар жүргізіліп жадынамалар табыс еттілді.

 

Күршім ауданының ТЖБ