Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – басты міндет

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – басты міндет

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында баса айтылған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру тапсырмасына орай Күршім ауданынң әкімі Д.З.Қажанов әр аптаның әсрсенбісі күні жеке сұрақтары бойынша аудан тұрғындарын қабылдайды.

Ағымдағы жылдың 12 қаңтары күні  шабындық жер мәселесі, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу, 2021 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдегі пештің салынуы, әлеуметтік қолдау көрсетілу жағдайлары сұрақтарымен келген үш тұрғынның сұрақтары ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс талаптарына сәйкес тіркеліп, жауапты бөлімдерге тапсырылды, орындалуы бақылауға қойылды.