Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг

Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг

Ағымдағы жылдың 3 қарашасы күні «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Нурумова, аудандық мәслихат хатшысы М.Калелов, Балықшы ауылдық округінің әкімі Е.Тілеубав Ақсуат ауылындағы тұрғындарды таза ауызсумен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға мониторинг жүргізді.
Зайсан көлі жағасында орналасқан елді мекенде 340 метр тереңдіктен шығарылған ауыз су көптен бері атқарылған жұмыстың нәтижесі. «Күршім коммуналдық шаруашылығы» мекемесімен бүгінгі күні судың сапасын тексеру, ауылға тартылған су құбырына қосу бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 1 эксковатормен тиісті шаралар атқарылуда.
Жоспарланған жұмыстың сапалы орындалуы аудандық «Күршім – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, мәслихат депутаттарының бақылауында болады.